3 мамырда Сұлтан Бейбарыс алаңында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының саптық көрінісі өтті.
Ұлы Жеңістің 78 және Қазақстан Қарулы Күштеріне 31 жылдығына арналған шараға 400 оқушы, облыстық және қалалық білім беру басқармасы мен қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері қатысты. Жас патриоттар слетына келген конақтар әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілерінің дайындаған саптық көрінісін және әскери балдық биін тамашалады.
- Мектеп жасынан бастап жастарды Отанды қорғауға үйретуіміз қажет. Әр адам өз жерін қорғау керек,- деді Ауған соғысының ардагері Мұханбетжан ТОҚМАМБЕТОВ.
Қазіргі таңда Атырауда 203-ге жуық жас патриоттар клубы жұмыс істейді. Оның ішінде 15 «Жас сарбаз» клубы бар. Аталған клубта 7250 оқушы бар. Ал өңірде алғашқы әскери патриоттық клуб 1998 жылы ашылған болатын.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
ӨКҚ жолдаған суреттер мен бейнежазба