Бұл туралы шаруа қожалықтарының жұмысымен танысқан «Атырау Жарық» АҚ президенті Мейірбек ҒҰБАШЕВ мәлім етті.
Сарыөзек ауылына қарасты шаруа қожалықтарында бұрын жарық болмаған. Жарықты күн сәулесінен энергия алатын аппарат, тіптен болмаған жағдайда арнайы мотормен жағып отырған.
- 17 сәуір күні басталған электр желісімен қамту жұмыстарын «Атырау Жарық» АҚ мен қала әкімдігі бірлесіп жүргізуде. Мамандар жұмыс көлемін бір апта төңірегінде аяқтауды жоспарлап отыр,- деді М.Ғұбашев.
Оның айтуынша, жарық жүргізуге қажетті құралдардың барлығы аталған ауыл тұрғындарының көмегімен қамтамасыз етілген.
Атырауға қарасты Сарыөзек ауылында 30-ға жуық шаруа қожалығы бар.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА