Атырау, 23 қараша 23:41
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркияда жаңа мұнай кен орны табылды

950 просмотра

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысындағы Ширнак провинциясының Джуди және Габар аудандарында жаңа мұнай қорының табылғанын хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Anadolu-ға сілтеме жасап.

«Жақсы жаңалығымызды бөліскім келеді. Біз Джуди мен Габарда тәулігіне 100 мың баррель шығаруға болатын мұнай қоры барын анықтадық», - деді Режеп Тайып Ердоған Конья орталық провинциясындағы ең үлкен күн электр станциясының ашылу салтанатында.

Түркия президентінің айтуынша, табылған мұнай «жоғары сапалы құрылымға ие». Ол 2600 метр тереңдікте мұнай табылғанын, оны өндіру үшін 100 ұңғыма бұрғылау жоспарланғанын айтты.

«Түркия бұдан былай энергия саласында басқаларға тәуелді болмай, қуат экспорттаушы мемлекетке айналады. Жаңа ашылған қорлар күнделікті тұтынуымыздың оннан бір бөлігін қанағаттандыра алады», - деді Ердоған.

3 мамыр 2023, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.