1 мамырда Жайық өзенінен 6 сәуірде үйінен шығып, хабарсыз кеткен 16 жасар қыздың денесі табылды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қыздың жоғалғаны туралы хабарлама 7 сәуірде түскен. Содан бері полиция қызметкерлері мен құтқарушылар және еріктілер жоғалған қызды қаладан, өзен жағасынан іздеп бастады. Арада төрт күн өткеннен кейін ерітілердің бірі өзінің фейсбук парақшасында Мечников көшесіндегі көпірге жақын орналасқан үйдің бейнекамерасынан әкесі қызының көпірден секіріп кеткенін көргенін жазды.
- 7-19 сәуір аралығында су асты сүңгуір жұмыстары жүрді. 19 сәуірде Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты, ағыс жылдамдығы және судың екпіні қатты болғандықтан бұл жұмыстары тоқтатылды. Алайда су бетіндегі іздеу жұмыстары осы күнге дейін жалғасты. 1 мамырда Жұмыскер маңында өзен бетінде адам денесі қалқып жүргені туралы хабарлама түсті. Дене судан шығарылып, жоғалған қыз екені анықталды, - деді ТЖД баспасөз қызметі.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ