Әзербайжанда дзюдо және самбо бапкері, екінші Еуро ойындарының қола жүлдегері Мехман Халилов 7 жастағы тәлімгерін өлтіріп қойды, деп хабарлады Sputnik Vzglyad.az порталына сілтеме жасап.
Қатыгез бапкердің әрекеті Сумгайыт қаласындағы спорт мектебінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мехман Халилов 7 жасар тәлімгері Фарид Бакаровтың шашынан сүйреп, тепкілеген.
Сумгайыт қалалық прокуратурасы дзюдо және самбо жаттығулары кезінде баланың ауыр жараланғанын растады.
Мехман Халилов балаға қарсы дөрекі және қауіпті әдісті қолданған, нәтижесінде баланың мойын омыртқалары сынған. Жеткіншек қалалық балалар ауруханасына жеткізілгенімен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Сумгайыт қалалық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 126.3-бабы "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғады. Мехман Халилов күдікті ретінде ұсталып, тергеу жүріп жатыр.
29 жастағы Мехмен Халилов 2019 жылы Минскіде өткен II Еуропалық ойындарда самбодан қола медаль жеңіп алды. Ол басқа жергілікті және халықаралық жарыстарда да жоғары нәтиже көрсетті.