Атырау, 23 қараша 23:35
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

1 маусым АҚШ-тың ақшасы таусылуы мүмкін: Қаржы министрі мемлекеттік қарыз шегін ұлғайтуды сұрап отыр

1 081 просмотра

АҚШ-тың 1 маусымға дейін ақшасы таусылуы мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін елдің қаржы министрі Джанет Йеллен Конгресске қарыз шегін ұлғайтуды ұсынған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ВВС жазды. Дерекке сүйенсек, қаржы министрі Джанет Йеллен Конгрессті 1 маусымға дейін қарыз шегін ұлғайтпаса немесе тоқтатпаса ақша таусылатынын ескерткен. Бұл ел экономикасын дефолтқа тіреуі мүмкін. 

Егер қарыз шегін ұлғайтпаса билік жаңа несие рәсімдей алмайды. 

Бүгінде қойылған шек мөлшері 31,4 триллион долларды құрайды. 

“Дүйсенбі американдық бюджет Конгресінің басқармасы (CBO) "маусымның басында Қаржы министрлігінің қаражаты таусылып қалу қаупі" туралы ескертті. "Қаражаттың қашан таусылатыны белгісіз, өйткені алдағы апталарда шығындар көлемін, сондай - ақ салық түсімдерінің уақыты мен мөлшерін болжау қиын", - делінген хабарламада.

Тоқсанның соңына дейін, яғни маусымға дейін Қаржы министрлігі қарыздарын алдыңғы жоспарлармен салыстырғанда шамамен 449 миллиард долларға көбейтуді жоспарлап отыр. Осылайша мөлшер шамамен 726 миллиард долларды құрайды.

Американдық шенеуніктердің айтуынша, олар көбірек қарыз алуға мәжбүр, өйткені табыс салығы бойынша түсімдер күтілгеннен аз, ал үкімет шығыны, керісінше, жоспарланған көрсеткіштен жоғары көрінеді. 

Десе де мемлекеттік қарыздың шегін көтеру АҚШ үшін әдеттегі рәсім. Себебі 1960 жылдан бері мұндай өзгеріс 78 рет болған екен. 

Алайда биліктегі республикашылар демократтардың саясатына қарсы. Олар қарыздардың максималды мөлшерін көбейтуге рұқсат беру үшін мемлекеттік шығынды азайтуды және Ақ үй үшін өте маңызды шешімдерді, соның ішінде студенттік қарыздарды кешіру бағдарламалары мен экологиялық технологияларға арналған салықтық несиелерді жоюды талап еткен.

2 мамыр 2023, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.