Атырау, 28 қараша 03:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жаңа жобадағы 30-ға жуық ​медициналық нысан салынады​

1 105 просмотра

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВТІҢ төрағалығымен денсаулық сақтау басқармасының биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Отырыста ситуациялық орталықтың бірінші тоқсандағы атқарылған жұмыстар қорытындысы, ана мен бала денсаулығын қорғау, қан айналымы жүйесінің аурулары, хирургия, онкология, туберкулез, жұқпалы аурулар қызметі бойынша, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалдың жұмысы сонымен қатар, облыстағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы сөз етілді.

- Биылғы жылдың бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда туу көрсеткіші 1,6% жоғарылап, нәресте өлімі 21,5%-ға, туберкулезден болатын өлім-жітім 25%-ға, жүрек-қан тамырлары ауруларынан өлім-жітім 10,9%-ға, қатерлі ісіктерден өлім-жітім 8,8%-ға, төмендеді. Медицина саласының сапасын арттыру мақсатында Кешенді жоспар және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін облыс бойынша 30-ға жуық заманауи жаңа типтік жобадағы медициналық нысандар құрылысы жүріп жаптыр,- деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар АБДАЛИЕВ.

Облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрғабыл АЙТМҰХАНБЕТОВ өңірдегі балалар денсаулығы мен емдеу бағытындағы көрсеткіштерді атап өтті.

Өткен жылмен салыстырғанда 181 науқас артық емделді. Бұл дәрігерлердің жұмысы бір жүйеге қойылып, қызмет сапасы артып отыр деген сөз, - деді Н.Айтмұханбетов.

Ж.Бисембиев көрсеткіштердің кейбір төмен бағыттары бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма беріп, жұмысты дұрыс жолға қою үшін міндет жүктеді.

- Адам денсаулығы басты орында. Сондықтан дәрігерлер өз қызметінің сапасын арттырып, кәсіби деңгейін көтеру керек. Дәрігердің жұмысы осы көрсеткіштер арқылы сараланып отырады, - деді Ж.Бисембиев.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 мамыр 2023, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.