Атырау, 23 қараша 23:34
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өзбекстан Конституциясына өзгеріс енгізуді халықтың 90,21%-і қолдады

1 068 просмотра

Өзбекстанның ОСК басшысы Зайниддин Низамходжаевтың айтуынша, басты заңның жаңа редакциясын 90,21% халық қолдады, деп хабарлайды Sputnik.

Бұл туралы республиканың орталық сайлау комиссиясының төрағасы дүйсенбідегі референдум қорытындысы бойынша өткен брифингте хабарлады.

Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы бұған дейін сайлаушылардың 84,54%-і дауыс беруге келгенін айтқан болатын.

"Референдумға шығарылған мәселені қолдап 15 040 056 адам дауыс берді, бұл дауыс беруге қатысқандардың 90,21% құрады", - деді Низамходжаев брифингте.

Өзбек ОСК басшысының мәліметінше, учаскелерге келгендердің 9,35%-ы конституциялық заң жобасына қарсылық білдірген, бюллетеньдердің 0,49%-ы жарамсыз деп танылды.

Өзбекстандағы Конституция 1992 жылы қабылданды, содан бері республиканың басты заңына 15 рет өзгерту енгізілді.

Өзбекстан Конституциясы 65%-ға жаңартылып, 27 жаңа бап енгізіліп, олардың жалпы саны 155-ке жетті.

Заңға енгізілген өзгертулер президенттің өкілеттік мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұлғайтуды көздейді, қазіргі президент Шавкат Мирзиеевке қатарынан екі рет президенттік мерзімнен кейін осы лауазымға тағы бір рет сайлануға мүмкіндік береді.

Басқа өзгерістердің қатарында сенаторлар санын 45%-ға қысқарту, парламенттің төменгі палатасының бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерін бекіту, өлім жазасына тыйым салу, ел азаматын шет мемлекетке беруге тыйым салу бар.

Сонымен қатар Өзбекстанның негізгі заңында азаматтық қоғам институттары және олардың қызметінің кепілдіктері туралы тарау пайда болады.

Өзбекстанда Референдум 30 сәуірде өтті.

2 мамыр 2023, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.