Атырау, 28 қараша 03:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Атырау» ширек финалға өтті

1 407 просмотра

29  сәуірде «Мұнайшы» стадионында футболдан ҚР Кубогының 1/8 кезеңінің жауапты матчы өтті – «Атырау» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады.

Еске салсақ, қарсыластардың алғашқы кездесуі 2:2 есебімен тең аяқталған болатын. Атырауда командалар алғашқы минуттардан-ақ ұрысқа кіріскенімен, негізгі уақытта да, қосымша уақытта да гол соға алмады – есеп 0:0. Екі жыл бұрын бұл есеп сырт алаңда гол соғу ережесіне байланысты алаң иелеріне қолайлы болатын. Бірақ 2021 жылдың маусымында еврокубоктар үшін УЕФА, одан кейін Қазақстан футбол федерациясы бұл ережені жойып, енді алда пенальти сериясы күтіп тұрған еді.

Матчтан кейінгі пенальтилер сәтін салса болатын нәрсе әрі ойыншының сын сәтте сабырлығын, батылдығын сынау секілді. 1994 жылғы әлем чемпионатында Италияны Бразилиямен финалға шығарған Роберто Баджоның шешуші сәтте допты аспанға қалай әуелеткені есіңізде болар...

Ал енді жерге түсіп, яғни «Мұнайшыға» оралайық. Бірін-бірі алмастырған қарсыластар қақпашыларға еш мүмкіндік қалдырмай, қайта-қайта айқын гол соғып жатты. Бірақ ерте ме, кеш пе, бірінің қателесері сөзсіз. Ақыры «Ақтөбенің» аргентиналық легионері Леонель Струмия допты қақпа маңдайшасына соқты. Қорытынды есеп 9:8 болып, алаң иелерінің пайдасына шешіліп, олар ширек финалға өтті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 сәуір 2023, 13:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.