Молдова премьер-министрі Дорин Речан Ресей президенті Владимир Путиннің қара тізімге енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Айтуынша, елге кіруге тыйым салынған ресейліктердің қара тізімінде шенеуніктер мен соғысты қолдайтын Филипп Киркоров сынды танымал әртістер бар.
«Ұзын тізім жасадық. Оған Владимир Путин де енді. Ресей Федерациясы бізге қандай да бір бұйрық бере алмайды. Молдова Республикасы - еркін және егемен ел. Әркім өз орнын білуі тиіс»,—деді Дорин Речан.
Бұған дейін Еуроодақ та Ресей басшысын қара тізімге енгізген еді.