Атырау, 24 қараша 00:10
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тәжік-ауған шекарасында атыс болды

1 005 просмотра

28 сәуір сағат 01:30-да тәжік-ауған шекарасында атыс болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Авеста" сайтына сілтеме жасап.

Түнде сегіз адам Ауғанстаннан Тәжікстан шекарасынан өтті. Олар есірткі, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тасымалдауға тырысқан деп айтылды. Тәжік шекарашылары контрабандистерді байқап, тоқтатуға тырысты. Бірақ олар бағынбай, оқ жаудырған. Шекара қорғаушылары жауап ретінде оларға оқ ата бастады.

Қаскөйлер оларға төтеп бере алмадй, бәрін тастап, Ауғанстанға қарай қашқан. Оқиға орнында 45 кг героин, Калашников автоматы, 74 патрон, арнайы түнгі көру құралы және 10 мың доллар табылды.

Шекарашылар контрабандистердің үш серіктесін ұстай алды. Олар Тәжікстан азаматтары болып шықты.

Атыс кезінде бір тәжік әскери қызметкері қаза тапты. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

28 сәуір 2023, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.