Атырау, 23 қараша 23:35
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей басып алған аумақта РФ азаматтығын қабылдамаған украиндарды депортациялау туралы жарлық шығарылды

867 просмотра

Владимир Путин Ресей азаматтығын қабылдамаған жергілікті тұрғындарды аннексияланған украин жерінен депортациялауға мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды. Құжат құқықтық ақпарат интернет-порталында жарияланды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Жарлыққа сәйкес, Украинаның Ресей басып алған аумағында тұрып жатқан украин азаматтары не Ресей азаматтығын қабылдауға тиіс, не одан ресми түрде бас тартуы керек. Екінші вариантты таңдаған адамдар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап шетел азаматы деп есептеледі.

Ресей басып алған аймақтан "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп, конституциялық құрылымды күшпен құлатуға шақырғандар экстремизмді немесе терроризмді қаржыландырғандар, заңсыз акцияларға қатысқандар" да депортациялануы мүмкін.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын аннексиялап, оларды "өз жері" деп жариялаған. Дегенмен осы облыстардың біраз бөлігін украин әскері бақылап отыр. Ал Херсон қаласын Украина қарулы күштері Ресей әскері аннексия деп жариялағаннан кейін азат еткен.

28 сәуір 2023, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.