Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сырқаттанғаны туралы хабардан кейін барлық қоғамдық шараны тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Ердоған 26 және 27 сәуірдегі күнтізбесіне асқазан ауруымен ауырғаннан кейін өзгерістер енгізген. Түркия басшысы Twitter парақшасында үйде демалатынын хабарлады.
"Бүгін дәрігердің кеңесімен үйде демаламын. Өкінішке орай, бүгін Қырыққале, Йозгат және Сивастағы тұрғындармен кездесе алмаймыз. Ертеңнен бастап іс-шараларымызды жалғастырамыз", - деп жазды ол.Yoğun mesaim sebebiyle yayın esnasında geçirdiğim küçük rahatsızlıktan ötürü geçmiş olsun dileklerini ileten, dualarını eksik etmeyen necip milletimin her bir ferdine, her bir kardeşime çok çok teşekkür ediyorum.…
— Recep Tayyip Erdoğan (@RTErdogan) April 26, 2023
Ердоған бүгін жоспарланған барлық іс-шараларда вице-президент Фуат Октайдың оны алмастыратынын атап өтті. Ол өзіне денсаулық тілеген ел азаматтарына алғыс айтты.
"Маған дұға-тілектерін жеткізген асыл ұлтымның әрбір өкіліне, бауырларыма алғыс айтамын. Осы сәтті пайдалана отырып, барша азаматтарыма денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілеймін", - делінген хабарламада.