Атырау, 1 қазан 16:29
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Спорт жаңалықтары

1 554 просмотра

Өскеменде кекушинкай карате-додан Қазақстан кубогы өтті. Мұнда атыраулық «Намыс» клубының шәкірттері 5 алтын алқа жеңіп алды.

Аружан Әбдірахманова, Арман Әміров, Станислав Сурков, Аян Ибрагим және Матвей Гущин ерекшеленді. Жарыс қорытындысы бойынша атыраулықтар жалпыкомандалық екінші орынды иеленді.

* * * * *

Алматыда шахматтан классика, рапид және блиц бойынша балалар, жасөспірімдер және жастар арасында ел чемпионаты өтті. Турнир қорытындысы бойынша облыс құрамасы жалпыкомандалық есепте 4-орынға ие болды.

Атап айтсақ, 14 жасқа дейінгілер арасында Зарина Нұрғалиева өзін жақсы көрсетіп, классикада алтын, блицтен күміс, рапидте қола жүлдегер атанды. 8 жас тобында классикадан Сымбат Жетпіс қола жүлдені жеңіп алды.

* * * * *

Павлодарда Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы ҚР чемпионатының қорытынды кезеңі өтті. Турнир нәтижесінде «Атырау» облыстық волейбол командасы күміс алқа жеңіп алды.

«Атырау» капитаны Айбат Неталин «Үздік шабуылшы» деп танылса, Нодирхан Қадірханов «Үздік қорғаушы» атанды.

* * * * *

Еркінқала ауылының жас каратешісі Әбілмансұр Батырғали Канаданың Ванкувер қаласында өткен WKF «Karate Serie A» халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.

Турнирге 60 елден 700-ге жуық спортшы қатысты, оның ішінде 6-уы қазақстандық. А.Батырғали 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

* * * * *

Атыраулық дзюдошы Эсмегүл Куюлова дзюдодан Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды.

Хорватияның Дубровник қаласында өткен турнирге 24 елден 308 спортшы қатысты. Құрамында Эсмегүл бар ҚР құрамасы 6 алқа жеңіп алды.

Тағы бір айта кетерлігі, Эсмегүл Әбиба Әбужақынованың жақын құрбысы. Екі дзюдошы да өткен жылы Алматыдан Атырауға көшіп, жаттықтырушы М.Есмағамбетовтың тәлімгерлігіне келген. Енді олар 7-14 мамыр аралығында Дохада (Катар) өтетін дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетеді.

* * * * *

Павлодарда «Автомобилист» спорт кешенінде грэпплингтен жастар арасында ҚР чемпионаты өтті. Турнирге 16 облыстан 400-ге жуық спортшы қатысты.

Мұнда Атырау облысының спортшылары өте сәтті өнер көрсетіп, 7 алқа жеңіп алды. Фархат Ниетов пен Рахымжан Тұрғанбек чемпион атанса, Қаршыға Әбдірахым, Ернар Білімпазұлы, Орынхан Кәрімов пен Нұрдәулет Бауыржанұлы қола жүлдені иеленді. Финалға шыққандар мамыр айында Варшавада өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

* * * * *

Атыраулық спортшы Ғибрат Әмірше Парижде джиу-джитсудан өткен «Grand Slam» әлемдік турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жарысқа 26 елден 900-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан атынан 11 спортшы ел намысын қорғады.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 сәуір 2023, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.