Атырау, 28 қараша 03:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

АМӨЗ-дің каталитикалық крекинг қондырғысында әлі де ақау бар ма?

1 345 просмотра

«Атырау МӨЗ» ЖШС 27 сәуірде сағат 16:08-де  каталитикалық крекинг қондырғысында технологиялық режимнің бұзылуы орын алғанын хабарлайды. Апаттық жағдайға жол бермеу мақсатында жанармай газы мәжбүрлі түрде алауға жіберілді.  

Сағат 16:33-те газды алауға жіберу тоқтатылды. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Еске салcақ, осы жылдың ақпан айының басында каталитикалық крекинг қондырғысы технологиялық апат салдарынан тоқтатылған болатын. Үш аптадан кейін зауыттың негізгі тораптарының бірін жөндеу жұмыстары аяқталып, өндіріс толық қалпына келтірілгенін АМӨЗ хабарлаған еді. Міне, тағы да бір нәрсе болды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желіден алынған сурет

27 сәуір 2023, 21:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.