Атырау, 28 қараша 03:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ойылдың тасыған суы қызылқоғалықтарға егін егетін тегін жер алуға көмектесті

1 346 просмотра

Қызылқоға ауданында аудан тұрғындары үшін бау-бақша егу мақсатында тегін жер берілмек. Тұрғындар тегін жер телімін уақытша 6 ай пайдалана алады.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, бау-бақша өнімдерін егу жұмыстары мамырдың ортасына қарай ұйымдастырылады. Себебі Ойыл өзенінің биыл күрт тасуы егін егетін жерлерге баруға мүмкіндік бермей отыр.

- Ауданның әр ауылдық округінен жалпыға ортақ үлкен көлемде жер жыртылады. Сол жерден тұрғындар өз үлесін алып қалауын егеді. Қазіргі кезде жер белгілеу, қоршау мәселесі қарастырылуда.  Жоспар бойынша Сағыз бен Мұқыр елді-мекендерінен басқа округтердің барлығын қамтығымыз келеді. Себебі Сағыз бен Мұқырда жер астының ащы суы көтерілетіндіктен бақшаға қолайсыз, - деді Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан НҰРАЛИН.

Нұралиннің сөзінше, мұндағы мақсат ауданға келіп жатқан көктемгі өр суын тиімді әрі игі мақсатқа пайдалану.

Жер жыртуға әкімдік тарапынан арнайы техникалар шығарылады. Тұрғындар тек техника мен бақша суаруға арналған мотопомпалардың жанар-жағармай шығындарын өздері өтейді және тұқымды да тұрғындар өздері сатып алады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

28 сәуір 2023, 00:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.