Мәскеуде "марафондар ханшайымы" Елена Блиновская ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
112 Telegram арнасының жазуынша, оның үстінен екі қылмыстық іс қозғалған: аса ірі көлемдегі ақшалай қаражатты жария ету және салық төлеуден жалтару.
Тергеу мәліметтері бойынша, Блиновская "бизнесті "бөлшектеу" схемасын қолданып, табысын азайтып көрсетіп, 2019-2021 жылдар аралығында жалпы сомасы 918 миллион рубльден (5,1 млрд теңге) астам қосымша құн салығын және жеке табыс салығын төлемеген.
Бұған дейін Ресейде блогерлер Валерия Чекалина (Лерчек) мен Александра Митрошинаға қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Оларға салықты алаяқтық жасады деген айып тағылды.