Бүгін, 26 сәуірде шұғыл қызметке Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Полиция департаментінің мәліметінше, университетте сабақ тоқтатылып, студенттер мен оқытушылар қауіпсіз жерге шығарылған.
Ғимарат тексерілді - хабарлама жалған болып шықты.
Полиция департаменті лаңкестік актісі әзірленіп жатқаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жауапкершілік – 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.
Айнұр САПАРОВА