Атырау, 28 қараша 04:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Кезекте тұрғандар жер алады

1 707 просмотра

Биыл жеке тұрғын үй құрылысы үшін тұрғындарға 1452 учаске беріледі. Бұл туралы облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек ЕРМЕКҚАЛИ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде Атырау облысында жеке тұрғын үй салу үшін 138 мыңнан астам  адам жер кезегінде тұр. Олардың көпшілігі  - Атырау қаласының тұрғындары. Оның ішінде 106707 адам жер телімін Атырау қаласынан алғысы келеді.

Аудандар бойынша барлығы 31331 адам жер кезегінде: Индерде – 5978, Мақат ауданында - 1294, Махамбетте  – 4217, Жылыойда – 14041, Исатайда – 459, Қызылқоғада - 2877, Құрманғазыда - 2465

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

25 сәуір 2023, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.