Атырау, 28 қараша 04:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оңалту орталығы салынады

1 117 просмотра

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Атырауға келген іс-сапарында айтты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Вице-министр облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтермен танысып, арнаулы орталықтарды аралады. Ол әлеуметтік қызметкерлердің ұсыныстарын тыңдап, алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар жоспарын айтты.

- Елімізде мүгедектігі бар азаматтарға арналған оңалту орталықтарын салу қолға алынды. 150 орындық соның бірі Атырау облысында бой көтермек. Бұдан бөлек, биылдан бастап инватакси қызметі «Яндекс Go» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін техникалық оңалту құралдарының паркі ашылады. Бұл оңалту құралдарының заманауи, қымбат түрлеріне қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді,- деді Е.Оспанов. 

Айта кетейік, қазір облыста 55 орындық оңалту орталығы жұмыс істеп тұр. Мұнда бір жылда 100-ден аса науқас қызмет алады. Бұл ретте орталық басшысы жұмыс барысында қажетті құралдардың жетіспеушілігі мен орын тапшылығы сезілетінін айтты.

Бұдан бөлек, вице-министрмен техникалық қызметкерлердің жалақы мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, орталық басшылары психоневрологиялық ауытқуы бар науқастарға қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерге зейнет жасын ерте тағайындау туралы ұсыныстарын жеткізді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 сәуір 2023, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.