Махамбет ауданына қарасты "Сары Өскембай" деген жерде мұнай "көлшігі" анықталды.
Махамбет ауданы әкімі Қайрат НҰРЛЫБАЕВ бұл мұнай ағындысының Есбол округінен 40 шақырым жерде далалықта орын алғанын растады. Кезінде мұнай іздеу жүріп, кейін жұмыс тоқтатылып, консервацияға қойылғаны анықталды.
«АЖ» сауалына облыстық экология департаменті мынадай жауап жолдады: «2021 жылдың 13 тамыз айында аудандық прокуратура, әкімшілік, полиция қызметкерлерімен бірлесіп, ластанған жерді анықтап және фондық топырақтан талдама жасауға сынамалар алынған. Нәтижесінде топырақ құрамында мұнай өнімдері көп мөлшерде екені анықталған. Бүгінде ластанған аумақтағы жер және ұңғыма мемлекет меншігінде". Анықталғандай, ведомство 2021 жылы ластанған аумақты тазалау және қоршау жөнінде хат жолдаған. Өткен жылы да тазарту жөнінде осы тақылеттес хат жолданған. Алайда мұнай «көлшігі» жойылмаған. Қазіргі уақытта аумақты тазарту шарасы алынып жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба