Бүгін, 24 сәуір күні таңертең Атыраудың төтенше жағдайлар қызметіне APEC PetroTechnic Жоғары колледжінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Полиция департаменті хабарламаның түскенін растап, оқиға орнында тексеру жүріп жатқанын хабарлады. Студенттер мен оқытушылар ғимараттан эвакуацияланды. Полицейлер нақты ақпаратты кейін беруге уәде етті.
ТЖД де жарылғыш зат бар деген хабардың болғанын растады. Қазір колледж ғимаратында ҰҚК, полиция және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Кейін полиция департаменті хабарлағандай, жарылғыш зат табылмаған, хабарлама жалған ақпарат болып шықты.
Айнұр САПАРОВА