23 сәуірде «Мұнайшы» стадионында «Атырау» және Ақсу (Павлодар) командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатының 7-турының матчы өтті.
Алаң иелері айтарлықтай басымдықта болғанымен, бірінші тайм гол әкелмеді. Ал кездесудің екінші жартысында қонақтардың қарымта шабуылдарының бірі нәтижелі болды: 64 минутта гвинея-бисаулық «Ақсу» легионері Тони СИЛВА айып алаңының бұрышынан берілген допты баспен қақпаға соқты.
«Мұнайшылар» есесін қайтаруға асықты, бірақ олар мұны тек матчтың ең соңында орындады – 88-минутта «Атыраудың» словениялық легионері Якоб НОВАК гол соқты. Кездесу тең нәтижеге қол жеткізіп жатқандай болды, алаң иелері жеңісті қолдан бермеуге тырысты. Ойынға қосылған 2-минутта ресейлік «Атырау» легионері Евгений КОЗЛОВ жанкүйерлерді үлкен қуанышқа бөлеп, есепті 2:1-ге жеткізді. Осыдан кейін-ақ төрешінің ақтық ысқырығы естілді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
pflk.kz алынған видео