Әл-Арабия телеарнасына берген сұхбатында Украина Бахмут қаласын ресейліктерге бере алмайды дегенді қайталап айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі ВВС сайтына сілтеме жасай отырып.
«Біз Бахмуттан бас тарта алмаймыз. Өйткені бұл Ресей әскері мен «Вагнер» жасағының фронтын кеңейтіп, барынша көп жерімізді басып алуға мүмкіндік береді», - деді Зеленский.
Оның айтуынша, егер Ресей Бахмутты толығымен басып алса, Донбасс облысының әкімшілік орталығына да шабуыл жасауға мүмкіндік туады.
Зеленский сондай-ақ сұхбат кезінде ресми Ресейдің «біз Украина аумағында НАТО-мен соғысып жатырмыз» деген «күлкілі» сылтауына қатысты пікір білдірді.
«Ресей Украинамен соғысып жатыр. Ал әділ соғысуға шамасы келмеген соң НАТО-мен соғысып жатырмыз дейді. Өйткені Украинадан 40 есе үлкен ел бізді жеңе алмағанын мойындаудан ұялады», -деді Зеленский.