Атырау, 23 қараша 23:59
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

NBC: Трампты республикашылардың 70%-ы қолдайды

609 просмотра

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампты республикашылардың шамамен 70%-ы соңғы жағдайларға қарамастан қолдайтыны анықталды.  Сауалнама нәтижелерін NBC жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Зерттеуге 1000 америкалық сайлаушы қатысты. Осылайша, республикашылардың 68%-ы Трампты жалғыз лайықты кандидат, ал оған тағылған айыптаулардың барлығы оның саяси қызметіне қарсы әрекеттер деп санайды. Оның кандидатурасына партия жақтастарының 26%-ы қарсы дауыс берді.

Егер Республикалық партияның праймеризі қазір өткізілсе, сайлаушылар кімді таңдайды деген сұраққа 46% Трампқа, 31% Флорида штатының губернаторы Рон Десантиске дауыс береді. Тек 6%-ы бұрынғы вице-президент Майк Пенсті қолдайтын еді.

Екі партияның жақтастарына келетін болсақ, жартысынан көбі (52%) Трампқа айып тағылатындай негіз бар деп санайды. Ал сауалнамаға қатысқандардың 43%-ы қарама-қарсы көзқарасты ұстанады.

Бір қызығы, респонденттердің 60%-ы оны екінші мерзімге ұсынбау керектігін атап өтті. Дегенмен Джо Байденнің қайта сайлануына 70%-ы қарсы. Көбіне оған себепші болған фактор - қазіргі президенттің денсаулық жағдайы.

"Президент елдегі жас тобының айнасы болуы тиіс. Екеуі де отставкаға кетуі керек. Яғни басқа біреудің кезегі келді", - деді Вашингтон штатындағы демократиялық сауалнамаға қатысушылардың бірі.

21 сәуірде CNN Джо Байден келесі аптада өзінің екінші мерзіміне кандидатурасын ресми түрде жариялауы мүмкін екенін хабарлады.

24 сәуір 2023, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.