Атырау, 1 қазан 18:29
 ашықВ Атырау +12
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Ресейдің Белгород қаласында жарылыс болды

902 просмотра

Ресей қорғаныс министрлігі штаттан тыс оқиғаға байланысты Су-34 әскери ұшағы Белгород қаласына бомба тастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі dw.com сайтына сілтеме жасап.

20 сәуір түні Ресейдің Белгород қаласындағы орталық көшесін жарылыс болды. Көшенің қақ ортасында радиусы 20 метр үлкен шұңқыр пайда болды. Жарылыс салдарынан жақын маңдағы үй мен көліктер зардап шеккен.

Ресей Қорғаныс министрлігі Белгородтың үстінде ұшып бара жатқан Су-34 әскери ұшағында авиациялық оқ-дәрілердің нормадан тыс түсуі орын алғанын мәлімдеді.

"Нәтижесінде тұрғын үйлерге зақым келді, зардап шеккендер жоқ. Тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков өзінің Telegram-арнасында оқиғадан екі адамның зардап шеккенін жазды. Бас-ми жарақатын алған әйел №2 қалалық ауруханаға жеткізілген. Жарақат алған екінші әйел ауруханаға жатудан бас тартқан.

Сонымен қатар, губернатордың айтуынша, жарылыстан көпқабатты үйдегі төрт пәтер мен төрт көлік зақымданған.

21 сәуір 2023, 09:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.