Атырау, 28 қараша 04:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

2023 жылы Атырауда 2500-ге жуық бизнес-жоба қаржыландырылады

Сурет
1 145 просмотра

Бұл туралы Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол ЖАҢАБЕКОВ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бүгінде облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 65 396 (бұл көрсеткіш өткен жылы 52869 болған).

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы шеңберінде өткен жылы бюджеттен 8 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға - 6 млрд теңге, несиені кепілдендіруге - 1,9 млрд теңге, мемлекеттік гранттар ұсынуға - 106 млн теңге қарастырылған. 

- Облысымызда іскерлік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өңірде бірнеше мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерліктің маңызды көрсеткіштерінде өсім динамикасы байқалып отыр, - деді Н.Жаңабеков. Оның айтуынша, осы жылы кәсіпкерлерді қаржылық қолдау аясында бюджеттен 10,5 млрд теңге бөлініп, кәсіпкерлердің 2500-ге жуық жобасын қаржыландыру жоспарлануда.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

21 сәуір 2023, 19:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.