Атырау, 28 қараша 04:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жабайы өсімдік түрлерін пайдаланушылар салық төлейді

1 467 просмотра

Атырау облысы бойынша МКД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, жабайы өсімдік түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізіледі. 

Мәселен, егер қазіргі уақытта мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы объектілерге ғана салық салынатын болса, келесі жылдан бастап салық салу объектілеріне осы аумақтан тыс жерде жиналатын өсімдіктердің жабайы түрлері де енгізілген. 

Мемлекеттік орман қоры аумақтарынан және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жиналатын фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық қажеттіліктер үшін өсімдіктердің жабайы түрлері бойынша төлемдер өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ретінде қаралады және өсімдіктердің жабайы түрлерін дайындау (жинау) кезінде алынады. Олардың түрлері және бір килограмы үшін төлемақы мөлшерлемелерін жергілікті мәслихаттар белгілейді.

Өсімдіктердің жабайы түрлерін дайындауды (жинауды) жүзеге асыратын тұлғалар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жылдық төлемақы сомасынан тең үлестермен өсімдіктерді дайындап, жинаған орны бойынша бюджетке төлемақы төлейді.  

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 сәуір 2023, 19:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.