Атырау, 28 қараша 04:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Болашақтың» болашағы бола ма?

Сурет Бейнежазба
1 964 просмотра

Жылыой ауданы Құлсары қаласының «Болашақ» ықшамауданының тұрғындары жол, газ, судың болмауынан салып қойған үйлеріне кіре алмай тентіреп жүр. «АЖ» тілшісіне жиналғандар шағымын айтып, билік бірнеше рет құр уәдемен тойдырған деп налыды.

Олардың біразы бас қосып, жергілікті билікке мұң-мұқтажын «АЖ» тілшісіне жеткізді.

Қаланың Бас жоспарында көрсетілгендей, баспана салу үшін жер беріліп, соған сәйкес мектеп, балабақша салынады деген болатын. Бір ғажабы, сол кездегі әкімдер алдымен жер берген жоқ. Қаладан алыс жерде алдымен мектеп салып, 2009 жылы пайдалануға берді. Айдаладан салынған 3 шақырым қашық жердегі «ақ отауға» қаланың бір бөлек оқушылары жаяу-жалпылап қатынап, кейін тасымалдау үшін автобус шығарылды. Бірақ өтініш берушілер аз болғандықтан даладағы ғимарат қаңырап қалмас үшін мектепті лицей қылды.

Ал баспана үшін жер телімі кезекпен беріле бастады. Жерге ие болғандар үй салуды бастап та кеткен болатын. Жаңа ықшам ауданнан 2 мыңға жуық адамға жер берілетін болып, күні бүгінде бар болғаны 100 шақты адам баспана салуды бастап кеткен. Өйткені инженерлік инфрақұлым жоқ.

- Бұл жерден үй салуға 16  жыл бұрын жер беріле бастады. Бірақ әкімдік бұл жерден үй салуға болмайды, себебі, инфрақұрылым тартылмаған деді. Сонда мектепті не үшін салып қойды? Осы жылдар бойы билік жол саламыз, газ, су тартамыз деп уәде берді, бірақ орындалған жоқ, - дейді қала тұрғыны Райса ТЕЛЕУБАЕВА. Су құбыры бар, бірақ ол жұмыс істемейді.

Қалыбек ТОҒАШБАЕВ үйін салып бітіріп қойыпты. Енді қашан қоныстанатынын білмей отыр, өркениет игілігінсіз тас қорапқа көше алмайды ғой.

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Әнуар ШАКИРОВ:

- Құлсары қаласы «Болашақ» ықшамауданына газ желісін тарту жұмыстарына қазіргі таңда жобалау сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Қорытындысы шыққаннан кейін құрылысына қаражат сұратылады. Сонымен қатар, бұл ықшам ауданға ұзындығы 68 шақырым автокөлік жолдың жобасы жасақталуда.

- Су құбыры не болды?

- Су желісінің бойындағы ақаулықты анықтауға тексеріс жұмыстарын жүргізіп болып, пайдалануға береміз бе деп отырмыз.    


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

21 сәуір 2023, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.