Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ықшамаудан кенттің батыс жақ бетінде орналасады және көлемі 98 гектарды құрайды. Өткен жылдың шілдесінен бастап инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Болатбек СӘРСЕННІҢ айтуынша, сумен, электрмен және газбен жабдықтау жұмыстары 2024 жылға дейін жалғасатын болады. Нысандағы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін аудан бойынша кезекте тұрған 452 тұрғынның барлығына жер берілмек.
Айта кетейік, Доссор кентінде 14 мыңнан астам тұрғын бар.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі жолдаған сурет