Атырау, 28 қараша 04:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Аты-жөні жоқ жұлдыздар

Сурет
1 748 просмотра

2020 жылдың қараша айында Атырауда Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры ғимаратының алдында театр және кино саласының халық әртістері Асанәлі Әшімов (тірі), Хадиша Бөкеева, Сәбира Майқанова және Нұрмұхан Жантөринге ескерткіштер орнатылғаны белгілі. Кейбір қала тұрғындары «Неліктен ескерткіштерде, тіпті аты-жөндері туралы мәлімет жоқ?» деп таңғалды.

Сәбира Майқанова.

Мүсіндік композиция «Шығармашылық әңгіме» деп аталады. Еске сала кестек, сол кездегі карантинге байланысты салтанатты ашылу рәсімі болған жоқ, жалпы алғанда, бәріне ауыр кезеңде композицияға 157 миллионға жуық бюджет теңгесін жұмсау қажеттігі күмән тудыратын еді.

Хадиша Бөкеева.

Жобаға тапсырыс беруші – қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, орындаушы – «SAZ SYRI» ЖК  (тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен).

Асанәлі Әшімов.

Кейінірек бұл ескерткіштер бірнеше рет театр алаңында әртүрлі жерге көшірілді. Әуелі олар театрдың дәл алдында тұрды, кейін оларды біраз шетке жылжытты, кейін өткен жылдың 8 қарашасында президент келер алдындағы жөндеу жұмыстарына байланысты алаңнан алып тастаған еді. Ал енді олар қайтадан театр алдында, бастапқы орындарынан әлдеқайда алыс жерде орналасқан.

Нұрмұхан Жантөрин.

Біз Атырау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасына неліктен ең болмағанда аты-жөні, тегі немесе QR-коды бар жазулар қарастырылмағанын және алдағы уақытта мұны жасау жоспарда бар-жоғын анықтау үшін сауал жолдадық. Басқарма басшысының м.а. Әбіл ЖОЛАМАНОВТЫҢ қолы қойылған жауапта QR коды бар тақтайшалар келесі жылы орнатылатыны айтылған.

Айнұр САПАРОВА

Суреттерді түсірген автор

20 сәуір 2023, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.