Атырау, 5 желтоқсан 08:03
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ақтөбедегі тең ойын

1 873 рет қаралды

19 сәуірде Ақтөбеде футболдан жергілікті аттас клуб пен «Атырау» командасы арасында Қазақстан Кубогының 1/8 финалының алғашқы матчы өтті. Үш күн бұрын біздің футболшылар тұрақты чемпионат аясында осы Ақтөбеде 0:4 есебімен жеңіліске ұшыраса, бұл жолы нәтиже әлдеқайда жақсы болды.

Есепті меймандар ашты – 10-минутта солтүстік македониялық легионер Демин ИМЕРИ пенальтиден гол соқты. Осыдан кейін «Атырау» қорғанысқа көшкенімен, өз қақпасын қорғай қала алмады: 76-минутта «Ақтөбе» сапындағы бразилиялық Эльтер САНТАНА есепті 1:1-ге жеткізді. Араға екі минут салып шабуылшы Оралхан ӨМІРТАЕВ «Атырауды» тағы алға шығарды, алайда алаң иелерінің ойыншысы Ескендір ҚЫБРАЙ 82-минутта гол соқты. Матч 2:2 есебімен аяқталды. Бұл көшпелі кубок матчы үшін жақсы нәтиже, енді «мұнайшылар» өз алаңында жақсы ойнауы керек. Қарымта кездесу 28 сәуірге жоспарланған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 сәуір 2023, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.