Атырау, 28 қараша 04:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Әлеуметтік желі арқылы көпшілікті алдаған

1 430 просмотра

«Anti-fraud» іс-шарасы аясында Атырау облысы полиция департаменті және Талдықорған полиция басқармасының кызметкерлері бірлесіп, әлеуметтік желі арқылы алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топты анықтап, ұстады. 

Ұсталған 18 жастағы және 56 жастағы күдіктілер Алматы қаласының тұрғындары екені анықталды. Олар әлеуметтік желі арқылы жалған парақша ашып, Iphone телефонын арзан бағамен саудалап, ақшаларды қолма-қол шығару арқылы дропперлерге аударып, кейін өздерінің есепшоттарына аударып отырған.

Жәбірленушілер арасында Семей, Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау, Ұлытау, Өскемен, Шымкент, Орал, Павлодар тұрғындары бар. Келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгеге жуық. Күдіктілерден 4 ұялы телефон, ноутбук, 12 SIM-карта және түбіртектер тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Атырау облыстық ПД жолдаған сурет

20 сәуір 2023, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.