Атырау, 28 қараша 04:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сандәрігерлер: «Азаматтардың арызы бойынша кез келген уақытта тексеру жүргізе аламыз»

1 065 просмотра

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Сауда кеңесінің отырысы барысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері азық-түлікті сату кезінде санитариялық-гигиеналық талаптар сақталмаған жағдайда азаматтардың өтініштері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу мүмкіндігін еске салды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының (ӨКП) баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға қаладағы бес базардың өкілдері шақырылған. Санэпидемиологтар мораторийге қарамастан, кез келген уақытта жоспардан тыс тексеру жүргізуге болатынын баса айтты.

- Сауда орындары санитариялық-гигиеналық талаптарға сай болуы керек, қызметкерлердің санитарлық кітапшасы болуы керек, барлық сатылатын өнімдердің қауіпсіздігін растайтын тиісті сертификаттары мен декларациялары болуы керек. Кәсіпкерлердің қолында бұл құжаттары болмай, ақыр аяғында тұрғындар арасында жаппай улану фактілеріне әкеп соғатын сәттер жиі кездеседі. Облыста жылына орта есеппен осындай 2-3 факті тіркеледі. Сондай-ақ, қазір тұрғындар жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдерді телефон камераларына түсіріп, әлеуметтік желіге жиі жариялайтын болды – бұған қатысты әрекет етуге міндеттіміз.

Барлық жауапкершілік кәсіпкерлерде екенін еске салғым келеді. Сондықтан санитариялық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын, – деді Атырау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет ТАНАУОВ.

СЭС мамандары да тамақтан улану қаупі артатын жазғы маусымның жақындауына байланысты бизнесті жауапкершілікке шақырды. Сонымен қатар, бизнеске әлеуметтік маңызы бар өнімдерге шекті баға үстемесін асырғаны үшін жауапкершілік бар екені ескертілді.

Атырау облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Әлім УӘЛИЕВТІҢ хабарлауынша, Үкімет қаулысымен 19 атаудан тұратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі бекітілген. Оларға қосылатын  үстеме ақы 15 пайыздан аспауы керек. Әйтпесе, кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ӨКП жолдаған суреттер

19 сәуір 2023, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.