Атырау, 23 қараша 23:45
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Польша Ресеймен шекарасына электронды шарбақ орната бастады

708 просмотра

Польша Ресейдің Калининград облысымен шекарасына электронды шарбақ орната бастады. Бұл жөнінде ішкі істер және әкімшілік министрі Мариуш Каминьский хабарлады.

"Беларусьпен шекарадағыдай соңғы үлгідегі қоршау орнатылады: күндіз де, түнде де жұмыс істеп тұратын камералар, қозғалысты анықтайтын құрылғылар. Ресеймен шекарада болып жатқан барлық жайтты толық бақылап отырамыз" деді министр.

199 шақырымға созылатын Ресей-Польша шекарасына 3 мың камера орнатылады. 30 қыркүйекке қарай құрылысы аяқталады. Жоба құны – 373 млн злото (81 млн еуро).

  • Бұған дейін поляк әскері Ресеймен шекараға 3 мың тікенек бағана әкеліп, танкіге қарсы тосқауылдар орнатқан.
  • Былтыр қазанда Польша Беларусь шекарасына дуал орнатып болған. Оған 1,6 млрд злото (шамамен 330 млн еуро) жұмсалған. Мұндай шешім Беларусь арқылы ЕО-ға заңсыз өтуге талпынған мигранттардың күрт көбеюіне байланысты қабылданған.
19 сәуір 2023, 13:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.