Атырау, 24 қараша 00:17
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еуропа Одағы киберқорғаныс жүйесін күшейтпекші

566 просмотра

Еуроодақ киберкеңістіктен қауіп төндіретін шабуылдарға қорғанысты күшейтуде. Интернет пен компьютер арқылы дұшпандық әрекеттер жиілеп, уақыт өткен сайын күшті әрі зиянды болып барады.

Жаңартылған қорғаныс жүйесі жалпыеуропалық киберқорғаныс арқылы әлемдік желіден келетін шабуылдардың алдын алуға және анықтауға негізделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Еурокомиссияның атқарушы вице-төрағасы Маргрете Вестагер сәрсенбі күні бұл мәселе бойынша ЕО-ға мүше көптеген мемлекеттер ынтымақтаса әрекет ететінін айтты.

«Бұл мәселені ешкім өз бетінше шеше алмайды. Өйткені ешкімде онымен күресуге қажетті жеткілікті ресурс жоқ және кең ауқымды кибершабуылдың қай уақытт болатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Біз осыған дейін жойқын шабуылдардың куәсі болғанбыз. Солардың бірі Ирландияның денсаулық сақтау жүйесіне жасалған шабуыл. Бұл шабуылдардың болып жатқаны бірнеше ай бойы белгісіз болып келді»,-деді Маргарете Вестагер.

Еуропа Одағы хакерлік шабуылдар немесе мемлекеттік сайттарды бұзу анықталған бойда дереу жауап беруге қабілетті төтенше жағдай механизмін жасамақшы. Бұл қауіптерді бейтараптандырумен айналысатын сарапшылардың және сертификатталған компаниялар резервінің болуын білдіреді.

Еуропаның Digital Europe цифрлық компаниялар ұйымының басшысы Сесилия Бонефельд Дальдің пікірінше, кибершабуылдарға төтеп берудің кепілі мемлекет пен жеке сектордың серіктестігі болмақ.

Еуроодақтың киберқорғаныс жүйесінің құрылысына 1,1 миллиард еуро бөлу ұсынылып отыр, оның үштен екісі Еуроодақтың жалпы бюджетінен түседі.

19 сәуір 2023, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.