10 сәуірден бастап Атырау облысында полицейлер тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясын өткізуде. Ерекше олжалар да болып тұрады.
34 жастағы Атырау тұрғыны «Маузер» тапаншасын әкелген. Mauser C96 - 1896 жылы Германияда жасалған өздігінен оқталатын тапанша. Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар кезінде қолданылған.
- Mauser C96 тапаншасын тапсырған азамат бұл қаруды бір жыл бұрын Исатай ауданында мал бағып жүргенде құм арасынан тауып алған, - дейді Атырау қаласының полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің азаматтық қызмет қару айналымы бақылау тобының аға инспекторы Ренат СИСЕНОВ. – Оған мемлекет тарапынан 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы берілді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Атырау облыстық ПД жолдаған сурет