Атырау, 23 қараша 23:43
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Google басшысы жасанды интеллекттің қауіптілігі туралы ескертті

680 просмотра

Google бас директоры Сундар Пичаи жасанды интеллектті дұрыс қолданбаған жағдайда өте қауіпті болуы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы The Guardian жазды. Сөзіне сүйенсек жасанды интелект дұрыс қолднбаған жағдайда өте қауіпті. Тіпті ақпараттар легін жалған болса да сендіріп бере алатындай мүмкіндікке ие екенін мәлімдеп отыр. 

Сол себепті де Сундар Пичаи қауіпсіздік мақсатында ядролық шартқа ұқсас жасанды интелект бойынша жаһандық нормативтік-құқықтық база құруға шақыруда. Әрі ол осы технологияның жетістіктері үшін бәсекелестік қауіпсіздік мәселелерінің екінші орынға сырғып кетуіне әкелуі мүмкін екенін ескертті.

"Егер жасанды интеллект дұрыс қолданылмаса, өте қауіпті болуы мүмкін және бізде әлі барлық сұрақтарға дұрыс жауаптар жоқ. Ал технология тез дамып келеді. Сондықтан бұл маған түнде ұйықтауға мүмкіндік берер емес. Жасанды интелект көмегімен кез-келген адамның бейнесін оңай жасауға болады. Бұл сенімді көрінуі мүмкін. Ал содан кейін қоғам деңгейінде бұл үлкен зиян келтірмесіне кім кепіл", - дейді Сундар Пичай.

18 сәуір 2023, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.