Атырау, 1 қазан 20:34
 ашықВ Атырау +11
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Спорт жаңалықтары

1 283 просмотра

Астанада грек-рим және еркін күрестен Азия чемпионаты өтті. Турнирге 22 елден 400-ге жуық спортшы қатысты. Еркін күрестен 79 келі салмақта атыраулық Болат Сақаев Азия чемпионы атанды.

Ол финалдық белдесуде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновты жеңді.

* * * * *

Өскеменде кекушинкай каратэ-додан Қазақстан кубогы өтті. Атыраулық «Намыс» спорт клубының шәкірттері 5 алтын алқаны жеңіп алды.

Аружан Әбдірахманова, Арман Әміров, Станислав Сурков, Аян Ибрагим және Матвей Гущин ерекшеленді. Турнир қорытындысы бойынша Атырау құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.

* * * * *

Алматыда шахматтан балалар, жасөспірімдер және жастар арасында – классика, рапид және блиц бойынша ҚР чемпионаты өтті. Турнир қорытындысы бойынша 2 алтын, 1 күміс және 2 қола алқа жеңіп алған Атырау облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте 4-орынға ие болды.

14 жасқа дейінгі топта Зарина Нұрғалиева жақсы өнер көрсетіп, классика бойынша алтын, блицте күміс, рапидте қола жүлдеге ие болды.

8 жасқа дейінгі топта классикадан Сымбат Жетпіс қола жүлдені жеңіп алды.

* * * * *

Волейболдан облыстық «Атырау» командасы Павлодарда өткен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Чемпионат қорытындысы бойынша «Атырау» командасының капитаны Айбат Неталин «Үздік шабуылшы» атанса, Нодирхан Қадірханов «Үздік қорғаушы» болды.

* * * * *

Атырау жалпы режимдегі түзеу колониясында (УГ-157/9) құқыққорғаушы органдары қызметкерлерінің қатысуымен сотталғандар арасында спартакиада өтті. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі Атырау облысы бойынша департаменті хабарлады.

Сотталғандар мен бақылаушылар тең дәрежеде жарысты.

- Спартакиадаға 100-ге жуық адам қатысты, - дейді Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары Ризабек Дәулетов. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

* * * * *

Талдықорғанда ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі ұлдар арасында ҚР чемпионаты өтті.

49 келіге дейінгі салмақта атыраулық спортшы Жолдасқали Асылбек 76 келі зілтемірді жұлқа көтеруде, 89 келіні серпе көтеруде қола жүлдеге қол жеткізіп, спорт шебері нормативін орындады.

* * * * *

Ақтауда белдесіп күресуден 2006-2008 жылғы жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтті. Атырау құрамасы турнирден 11 медаль әкелді.

Күміс алқаны Нұрзила Қадыр мен Нұрмұхамед Мұғалов алды. Олар әлем чемпионатына жолдама алуға әбден лайық. Ал Ерік Азамат, Құрмет Жақиев, Диас Ерболатов, Әсемгүл Құлушова, Айша Акаева, Айғаным Қойшиева, Айзада Аманжол, Мұқидолла Әбенәлі және Әділет Ержанұлы қола жүлдені иеленді.

* * * * *

Атырауда «Мұнайшы» СК-да кикбоксингтен жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Рамазан Мейрамғали, Әлішер Боран, Аймұрат Шамұратов, Нұррахман Фархадұлы, Ахмад Русланұлы, Нұржетпіс Аманғали, Өмірхан Әділбек, Исабек Хасан, Әділет Мұсабаев, Рахым Сүйеуғали, Ерсұлтан Рафаэльұлы, Ерназар Кутумов, Шыңғыс Әндір, Ернұр Дүйсенбай, Азамат Хайратов, Балғынбек Қаражанов және Нұрахмет Бақыт өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанды.

Жүлделі орындарға ие болған спортшылар алдағы Түркістан облысының Арыс қаласында өтетін ҚР чемпионатына қатысады.

* * * * *

Ақтөбеде 2007-08 жылы туған жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Галиб Джафаровтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир өтті.

Бас бапкер Азамат Байдуллаев бастаған Атырау облысының құрамасы 2 алтын, 3 күміс және 1 қола алқа жеңіп алды. 48 келіге дейінгі салмақта Алдаберген Нұрмұхаммед, 60 келі салмақта Марат Әнуарбек алтыннан алқа тағынды.

* * * * *

Алматыда Б.Махмұтовтың жүлдесі үшін дзюдодан кадеттер арасында Азия кубогы өтті.

Атыраулық дзюдошылар жақсы нәтижеге қол жеткізді. Зере Өтепқали алтын, Әсел Русланова, Дәмелі Асылханова, Аниса Ибатолла, Айымзада Думанқызы және Аманжол Дидар қола жүлде иеленді.

Команданы жаттықтырушылар Данияр Жақсиев пен Болат Жұмабаев дайындады.

17 сәуір 2023, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.