Атырау, 5 ақпан 17:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49

Петропавлға жетуге көп бар

1 180 рет қаралды
Фото: sport.kz. 

16 сәуірде Ақтөбеде футболдан Қазақстан чемпионатының 6-туры аясындағы батыс дербиі өтті. Өкінішке орай, бұл матчта «Атырау» командасы жақсы көзге түсе алмады.

Меймандардың қақпасына 40-минутта бірінші голды «Ақтөбенің» грузиялық легионері Лука ГАДРАНИ салды. 71-минутта Арман КЕҢЕСОВ ұпайды еселеп, тағы 5 минуттан соң қайтадан гол салды. Ал төреші қосқан минуттарда Ескендір ҚЫБЫРАЙ есепті 4:0-ге жеткізді.

Алтыншы турдан кейін «Атырау» 7 ұпаймен турнир кестесінде 9-орынға жайғасты. Ал кестеде ең көп 18 ұпай жинаған «Қызыл-Жар» ФК (Петропавл) көш бастап тұр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 сәуір 2023, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.