Атырау, 28 қараша 04:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Ауыл тұрғындары облыс әкіміне көп сауал қойды

Сурет
1 673 просмотра

Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды. Мұнда Бақсай каналын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Жайық өзенінен бастау алатын каналдың жалпы ұзындығы - 137 шақырым. Бақсай каналы Махамбет ауданы Жалғансай ауылы Жайық өзенінен бастау алып, Исатай ауданының 73,4 шақырымын - Қамысқала, Тұщықұдық және Аққыстау ауылдық округтерін қамтиды. 

Облыс әкімі «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған Тұщықұдық ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне де барды. Кешен осы жылдың ақпан айында пайдалануға берілген. Дзюдо, джиу-джитсу, бокс, волейбол үйірмелеріне барлығы 120 бала қатысады. Алайда ғимарат кішкентай болғандықтан, ауыл балаларын толық қамту мүмкін болмай тұр. С.Шәпкенов құрылыс басқармасының басшысына қосымша спорт кешенін салу үшін тиісті жұмыстарды бастауды тапсырды. Кейін Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебіне 350 орындық жапсаржай салу құрылысымен танысты. Тапсырыс беруші - облыстық құрылыс басқармасы. Мердігер мекеме - «Тоныкөк Құрылыс» ЖШС. Ғимарат «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы аясында салынуда. Құрылыс жұмыстары 98%-ға аяқталған. Бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жиында С.Шәпкенов ауылдық округте атқарылып жатқан істер туралы баяндама жасап, кейін тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдады. Көшелерді жарықтандыру, газ құбырын тарту, елді мекенде ішкі жол, балалар алаңы мен балабақша салу мәселесі сөз болып, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту жағдайы көтерілді.

- Биыл Қызыл үй елді мекенінде 13 шақырым электр желісі жүргізіледі. Тұщықұдық халық саны бойынша аудан орталығынан кейін екінші орында тұрған округ болған соң, ауыл ішіне көше жарығын жүргізу мәселесі өте өзекті.  Аудан әкімдігі ауылішілік негізгі көшелерге, әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерге жарық тартуды жоспарлап отыр. Біз бұл жоспарды қолдаймыз. Бүгінде бұл жұмыстар үшін жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, қаржы сұратылуда, - деді С.Шәпкенов.

Тұщықұдық ауылдық округінде 5 370 халық тұрады. Мұнда 3 мектеп, 1 спорт кешені, 1 балабақша, 1 амбулаториялық емхана, 1 полиция бөлімшесі және өзге де әлеуметтік нысандар бар.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 сәуір 2023, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.