Атырауда түтін сейілді, бірақ толық емес. Бүгін, 14 сәуір күні таңертең Атырау облысы ТЖД қызметкерлері жағдайды барлау үшін Каспий теңізінің жағалауына шықты.
Ашық отпен жану анықталмады алайда, «Ақ жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында шамамен 3 га көлемінде қамыс тамырының бықсуын анықтады. Атырау ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 14.00-де ТЖД мен резерват қызметкерлерінің күшімен қамыстың бықсуы жойылды. Оған ТЖД 18 қызметкері мен 3 бірлік техника және «Ақжайық» МТР-ден 15 адам, 3 бірлік техника, 2 мотопомпа жұмылдырылды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА