Атырау, 28 қараша 05:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мемлекеттік сатып алулар сайтына көз салайық

1 493 просмотра

«АЖ» оқырмандарының назарына мемлекеттік сатып алулар порталына шолуымызды ұсынамыз. Онда Нұрсая ықшамауданындағы полиция департаментінің ғимараты және облыстық әкімдік жапсаржай сияқты сақалды құрылыс нысандары да бой көрсетеді.

ЖАЙЫҚ ПЕН ҚИҒАШ

Осы жылдың 27 қаңтарында облыстық құрылыс басқармасы «Павлодар өзен порты» АҚ-мен «Атырау облысы шегінде Жайық өзенінің суын арттыру және гидрологиялық режимін жақсарту жөніндегі құрылыс» жобасы бойынша 5 млрд 594 млн 550 мың теңге сомаға келісім жасады. Оның ішінде ҚҚС 599 млн 416 мың теңгені құрайды, тиісінше мердігерге 4 млрд 995 млн 134 мың теңге көлеміндегі қалған сома тиесілі. Оның қазір 1 миллиард 297 миллион 767 мың теңгесі төленді.

Сол «Павлодар өзен порты» АҚ-мен 12 млрд 980 млн 157 мың теңгеге «Атырау облысы шегінде Қиғаш өзенінің сулылығын арттыру және гидрологиялық режимін жақсарту құрылысы» жобасы бойынша келісім жасалды. Оның ішінде бүгінде 4 миллиард 879 миллион 642 мың теңге төленді.

Жайықтың (43 млн теңге) және Қиғаштың (83 млн 346 мың теңге) түбін тереңдету жұмыстарына авторлық қадағалауды Астанадан «СТРОЙ-ТЕХ» ЖШС жүргізіп жатыр, бүгінде бұл екі нысан бойынша сәйкесінше 11 млн және 7 млн 902 мың теңге төленген.

Жайықтағы тереңдету жұмыстарына техникалық қадағалауды «АДС САПA» ЖШС (келісімшарт сомасы шамамен 113 млн теңге, бүгінде 30 млн төленген), ал Қиғашта «Нұрәлем-Құрылыс» ЖШС жүргізеді (келісімшарт сомасы 217 млн 169 мың теңге, бүгінде 23 млн 169 мың теңгесі төленді).

ІІД ҒИМАРАТЫ

2017 жылдың мамыр айында Нұрсая ықшамауданында Атырау облысы Ішкі істер департаментінің жаңа ғимаратының құрылысы басталды (2018 жылдан бастап – Полиция дпартаменті). Мердігер «TSG Construction» ЖШС, келісім-шарт сомасы 9 млрд 988 млн 307 мың теңге, оның 9 млрд 531 млн 470 мыңы төленген.

Жобалық-сметалық құжаттамада анықталған кемшіліктерге, сондай-ақ тікелей құрылыс барысындағы кемшіліктерге байланысты жұмыс тоқтатылды. Жасалған қосымша келісімшарт бойынша нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

ПД ғимаратының құрылысына (дәлірек айтсақ, ғимараттар кешені) авторлық қадағалауды «Шындау» ЖШС жүзеге асырады, келісім-шарт сомасы 48 млн 143 мың теңге. Техникалық қадағалауды «ЖайықСтройИнжиниринг» ЖШС жүргізеді, келісім-шарт сомасы 142 млн 186 мың теңге, оның 94 млн 856 мыңы төленді.

Мемлекеттік сатып алу порталынан техникалық ерекшелікті таппадық. Бірақ бұған дейін «АЖ» кешеннің жалпы аумағы 4 гектарды құрайтынын, оның жартысына жуығы жасыл желектер болуы керектігін хабарлаған болатын. Кеңсенің ұзындығы 120 метр және бірнеше блоктан тұрады: бес блоктан тұратын кеңсе; спорт кешені; 100 әскери қызметшіге арналған казарма; 100 СОБР жауынгеріне арналған жатақхана; Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы; уақытша ұстау изоляторы; әрқайсысы 16 дана техникаға арналған екі ангар түріндегі бокс; генераторы және қазандығы бар трансформаторлық қосалқы станция.

ОБЛЫС ӘКІМДІГІ ҒИМАРАТЫНЫҢ ЖАПСАРЖАЙЫ

Күрелген «Атырау» мәдениет орталығының орнындағы құрылыс 2018 жылы басталып, астаналық «Казстройподряд» ЖШС мердігер болып, келісім-шарт сомасы 7 миллиард 26 миллион 148 мың теңге болса, бүгінде 6 миллиард 391 миллион 651 мың теңге төленген.

Бастапқыда нысанды 2020 жылы аяқтау жоспарланған болатын, бірақ бір жыл бұрын жобаға тағы екі қабатты қосу туралы шешім қабылданған. Бүгінде құрылыс аяқталуға жақын – ақпан айының соңында басшылық қазір мұнда интернет желілері тартылып, серверлік жұмыстар жүргізіліп жатқанын, содан кейін ғимарат пайдалануға дайын болатынын хабарлады.

Құрылыс басқармасымен жасалған келісім-шарт бойынша нысанға авторлық қадағалауды «Шындау» ЖШС жүзеге асырады, келісім-шарт сомасы 43 млн 430 мың теңге, бүгінде 31 млн 598 мың төленген.Техникалық қадағалауды «Астана-Технадзор» ЖШС жүргізеді, келісімшарт сомасы 49 млн 624 мың теңге, бүгінде 37 млн 356 мың теңге төленді.

САРАЙШЫҚТАҒЫ «ІССАПАР ОРТАЛЫҒЫ»

2021 жылдың қазан айында Махамбет ауданы Сарайшық ауылында туристік «Іссапар орталығының» құрылысы басталды. Мердігер «АС Құрылыс» ЖШС, келісім-шарт сомасы 780 млн теңге, авторлық қадағалауды «МассивСтройКомпани» ЖШС, техникалық қадағалауды «Мұзтау» ЖШС жүзеге асырады. Нысанды тапсыру өткен жылдың тамыз айына жоспарланған болатын, алайда құрылыс барысында Атырау облысының әкімдігі ғимараттың сыртқы келбетіне басқа өңірлердегі ұқсас нысандардан ерекшеленуі үшін өзгертулер енгізуді ұсынғандықтан, мерзімдер ұзартылды.

Осы жылдың ақпан айында құрылыс бөлімі «GLOBAL STROY ARN» ЖШС-мен 113 млн 641 мың теңгеге келісім-шартқа отырды (сыртқы инженерлік желілер мен қоршаулар). Бүгінде бюджеттен оның 66 миллион 20 мың теңгесі төленді.

«Іссапар орталығы» ішінде музей экспозицияларын құру жұмысын «Қазақ материалдық мәдениет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» ЖШС жүргізеді. Алтын Орда кезеңіне арналған нысанда моңғол кезеңіне дейінгі, моңғол кезеңінің, сондай-ақ Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы кезеңдерінің бірнеше экспозициялық аймақтары болады.

САҚАЛДЫ ҒИМАРАТТАРДЫ ҚОРҒАУ ҚАНША ТҰРАДЫ

Осы жылдың қаңтар айында құрылыс басқармасы сақалды құрылыс нысандарын қорғауға «Витязь Казахстан» ЖШС-мен екі айлық бірнеше келісімшартқа отырды. Атап айтқанда, бұл заманауи өнер музейі мен көрме залы бар 1200 орындық концерт залы (келісімшарт сомасы 559 мың теңге, бүгінде 279 500 тг төленген); Көкарна ы/а ауысымына 25 келушіге арналған отбасылық дәрігерлік амбулатория (490 мың теңге, төленгені 245 мың); қала іргесіндегі Дамбы ауылындағы 300 орындық мектеп (бұл да 490 мың теңге, 245 мыңы төленген); Атырауда 3 спорт залы (бұл да сондай цифр); Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылындағы 400 орындық Мәдениет үйі (келісімшарт сомасы 560 мың теңге, 280 мыңы төленген).

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

14 сәуір 2023, 13:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.