Атырау, 23 қараша 23:39
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан мен Түркияның компаниялары алтын кенін іздеу жобасын қолға алды

517 просмотра

"Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы мен түркиялық D Mineral компаниясы бірлескен геологиялық барлау жобасын қолға алды, деп хабарлады Sputnik индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Еліміздің минералды-шикізаттық ресурстық базасын толықтыруға арналған маңызды құжатқа "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Бақыт Шіршікбаев пен D Mineral директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Ильхан Пойраз қол қойды.

"Геологиялық барлау жұмыстары сәтті жүзеге асырылғаннан кейін мүдделі тараптар бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр. Бұл орайда Ильхан Пойраз қазақстандық компаниялармен жан-жақты әрі ұзақмерзімді тиімді байланыс орнатуға дайын екендерін жеткізді", - деп мәлімдеді ведомство.

Негізгі келісімге қол қойылғаннан кейін екі жақ геологиялық барлауға лицензия алып, бірлескен кәсіпорынды құру жөніндегі жоспарды жүзеге асыруға кіріспек. Бұл жоба алтын кен орындарын іздестіруге бағытталады. Геологиялық барлауға қаражатты Түркия бөледі.

Айта кетері, D Mineral компаниясы Dimin Group (Түркия) холдингінің құрамына кіреді. Негізінен темір кені мен мыс өндірумен айналысады.

14 сәуір 2023, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.