Атырау, 28 қараша 05:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бірлік ауылында Мәдениет үйі салынады

1 110 просмотра

Құрманғазы ауданының Бірліка ауылына 300 орындық Мәдениет үйі салынады. Ғимарат құрылысы мамырда басталады.

Құрманғазы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құрылыс жұмыстары 0,6 гектар жерге жүргізіледі. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ренат НҰҒМАНОВ аталған құрылыс жұмыстары бір жылдан астам уақыт жүргізілетінін мәлім етті.

 - Мұнда көрермен залынан басқа, хореография залы, үйірме кабинеттері, асхана бар. Құрылыс жұмыстары 15 айға жоспарланып отыр. Тапсырыc беруші аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі болса, мердігер мекеме «Бағалы-Алакөл» ЖШС, - деді Р. Нұғманов.

Айта кетейік, Құрманғазы ауданында 56 мың халық болса, Бірлік ауылында 2 200 халық тұрады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ жолдаған сурет

13 сәуір 2023, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.