Атыраулық оқушылар республикалық ғылыми жобалар байқауынан 3 алтын, 2 күміс, 8 қола медальге ие болды. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан САРБАЛИН мәлім етті.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының қорытынды кезеңі онлайн форматта Google Meet платформасында өткізілді. Оған 19 секция бойынша 718 жобамен 900-ден астам оқушы қатысып, бақ сынаған. Әрбір секция жобаларды алдын ала жоспарланған кестеге сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша қорғады.
- Аталған жобалар байқауына Атырау облысынан 27 жобамен 37 оқушы қатысып, нәтижесінде қоржынымыз 13 медальмен толықты, - деді Р.Сарбалин.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ