Атырау, 23 желтоқсан 01:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Балық инспекторлары браконьерлік ау құралдарын жоюға кірісті

1 045 рет қаралды

Жайық өзені бойында «Бекіре – 2023» акциясы шеңберінде заңсыз құрылған ау құралдарын анықтап, жою жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Іс-шараға «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 20 қызметкері қатысты. Олар үш «КС» қайығын, алты жеңіл моторлы қайықты және «УАЗ» автокөлігін пайдаланды. 

- Тексеріс кезінде 20-ға жуық ау құралдары мен төрт астауша қайық тәркіленді. Бұлар инспекцияға қарасты «Дамбы балық» бөлімінің арнайы орнында жойылады,- деді «Дамба» балық инспекциясы бөлімінің басшысы Еламан ХАБИБУЛЛИН. - Бүкіл тәркіленген балық өнім дайындау үшін «Тілекші» ЖШС, «Абылай хан» ЖШС сияқты мекемелерге тапсырылады

Дайындаған  Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ  жолдаған суреттер

13 сәуір 2023, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.