1 сәуірден бастап Қазақстанда ЕАЭО аясында, оның ішінде Ресеймен өзара сауда шеңберінде тасымалданатын тауарларға іліспе жүк құжаттарын рәсімдеу бойынша міндеттемелер күшіне енді. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Айбек БАХТИЯРОВ баспасөз брифингінде мәлім етті.
Бұл көлеңкелі айналымды азайту және салық шығындарын жою үшін жасалды. Ілеспе жүк құжаттары шекарадан өтер алдында электронды түрде ресімделуі керек, бұл салық органдарының пікірінше, жалған тұлғаларға, жалған алушылар мен тауарларды жөнелтушілерге құжаттар рәсімдеу мүмкіндігін жоққа шығарып қана қоймай, қажет болған жағдайда белгілі бір тауарларды шығаруға шектеу қоюға мүмкіндік береді.
А.Бақтияровтың айтуынша, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасында тауарларға жүк құжаттарын ресімдеу жүйесі жаңалық емес, ол 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап жүзеге асып келеді. Дегенмен, бұған дейін жүйе пилоттық режимнің бөлігі ретінде жұмыс істеді және ерікті болды. Енді ол міндетті, ал Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне шығарылатын немесе ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін барлық тауарлар үшін ілеспе жүк құжаттарын қажет.
- Ілеспе жүк құжаттарды рәсімдеуге жататын тауарлардың тізбесі және рәсімдеу қағидалары Қаржы министрінің №1424 бұйрығымен реттеледі. Тауарларға ілеспе жүк құжаттарын рәсімдеу мемлекеттік немесе орыс тілінде «Виртуалды қойма» модулі арқылы жүзеге асырылады,- деді А.Бахтияров. – Бұл ереже сақталмаса ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 283-1 бабындағы әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Айта кетейік, тауарларға ілеспе жүк құжаттарды рәсімдеу екі тәсілмен іске асады. Яғни esf.gov.kz порталында немесе электронды шот фактура акпараттық жүйесі мобильді қосымшасы арқылы.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Өңірлік коммуникациялар қызметі жолдаған сурет