Атырау, 23 желтоқсан 01:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Лондондағыдай: Атырауда екі қатарлы туристік автобус пайда болды

1 186 рет қаралды

Қала тұрғындары мен қонақтары туристік автобуспен Атырау қаласының ең көрікті жерлерін аралап, саяхат жасай алады. 60 орындық қоғамдық көлік арнайы белгіленген кесте бойынша сағат 20:00 бастап түнгі 02:00 аралығында жұмыс істейді.

- Махамбет-Исатай алаңынан бастау алатын бағыт Сатпаев, Әбілхайыр хан көшесімен әуежайға дейін барады. Кері қарай Әбілхайыр хан көшесінен Сатпаев көшесіне түсіп, драмтеатрға дейін барып, Сатпаев көшесімен Махамбет-Исатай алаңына келеді, - деді «Akzhayik Avtopark» ЖШС-нің Эксплуатация бөлімінің басшысы Саламат БАХРИДЕНОВ.

Серуен құны – 500 теңге.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ жолдаған сурет

13 сәуір 2023, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.