10 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Нұрсая ықшам ауданында Mercedes Benz көлік құралының 44 жастағы жүргізушісі белгінбеген жерден жолдан өтпекші болған 31 жастағы жаяу жүргіншіні қағып құлатып, оқиға орнынан бой тасалаған. 12 сәуірде зардап шегуші ауруханада көз жұмды.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ